2025 жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда облысының Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара барысында департамент басшысының міндетін атқарушы Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерің қызметіне сәттілік тіледі.
Мерекелік басқосуда әділет саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен адал қызмет атқарып жүрген мамандарға жылы лебізін арнаған Ұ.Оразгелді оларға толағай табыс тіледі. Мерекелік шарада бірқатар қызметкерлер Әділет министрінің алғыс хаттары мен арнайы төсбелгілеріне, сондай-ақ облыс әкімінің грамоталарына ие болды. Ардагерлерге де ерекше сый-құрмет көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1077922?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау