Шымкент қаласының көше-жол қоры соңғы жылдары айтарлықтай нақтыланып, жүйеленді. Жүргізілген кешенді паспорттау және диагностикалау жұмыстары нәтижесінде қала аумағындағы жол желісінің көлемі мен жағдайы қайта есептеліп, нақты мәліметтер бекітілді.
Бүгінде Шымкентте жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құрайтын 6 882 көше тіркеліп отыр. Оның ішінде:
-
2 787,6 шқ – асфальтбетон жабыны бар көшелер;
-
680,2 шқ – шағал тас жолдар;
-
378,7 шқ – топырақ жолдар.
Бұл көрсеткіштер қаладағы жол инфрақұрылымының толыққанды түгенделгенін және бұрын есепке алынбаған көше-аудандардың енгенін айғақтайды.
Айырмашылық неде?
2021 жылғы мәліметтер бойынша қалада:
-
4 199 көше,
-
жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырым жол болған.
Ал 2025 жылғы паспорттау мен диагностикалау қорытындысы:
-
көшелер санының 2 683-ке артқанын,
-
жолдардың ұзындығының 599,1 шақырымға көбейгенін көрсетті.
Бұл – қаланың соңғы төрт жылда айтарлықтай өскенін, жаңа тұрғын массивтері жол желісіне енгізілгенін және есепке алу жүйесінің жетілдірілгенін білдіреді.
Сарапшылардың айтуынша, көшелерді паспорттау тек статистикалық мақсатта жүргізілмейді. Бұл жұмыстар:
-
жаңа жоспарлау мен жобалауға,
-
жөндеу және құрылыс қарқынын дұрыс бөлуге,
-
бюджет қаражатын тиімді игеруге,
-
жол сапасын бағалауға нақты негіз қалыптастырады.
Қаланың дамуына әсері қандай?
Жолдардың саны мен ұзындығының жаңаша есептелуі:
-
болашақ инфрақұрылымдық жобаларды анықтауға,
-
қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыруға,
-
жарықтандыру, су бұру және абаттандыру шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай айтқанда, қаламыздың көше-жол желісін паспорттау мен диагностикалау – қаланың өсу қарқынын айқындап қана қоймай, алдағы жылдарға арналған жол картасын нақтылауға жол ашты. Енді бұл деректер негізінде әр аудан мен шағын ауданның қажеттілігіне қарай жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/1083618?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау