САУРАН АУДАНЫНДА “WORLD CLEANUP DAY” АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
“World Cleanup Day” халықаралық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде, Қарашық өзені бойында тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімі қатысып, сөз сөйлеп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
Тазалық акциясына ауылдық округ тұрғындары, аудандық дербес бөлімдердің қызметкерлері мен мекеме ұжымдары тартылды. Шараға барлығы 1500-ге жуық адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 87 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл акция аудан аумағында экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғатқа жанашырлық танытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1075651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version