ШАРДАРА АУДАНЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
   Бүгін Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
 
   Кездесулерге жұмысшы топ мүшелері, ауыл әкімдігі аппаратының мамандары, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ұстаздар, медицина қызметкерлері, белсенді жастар, дін өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
 
   Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және құқықтық көмек түрлері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1075450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version