«Жұмыс орындарында отбасына достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған саясатты нығайту» атты Республикалық конференцияға қатыстым.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жұмыс орындарында отбасына достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған саясатты нығайту» атты Республикалық конференцияға қатыстым.

Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері – мемлекет, жұмыс берушілер, кәсіподақтар және сарапшылар арасында отбасыны қолдау мәселелері бойынша жүйелі диалог құру. Өйткені отбасы – еңбек өмірінің сапасына, өнімділікке және экономиканың тұрақтылығына әсер ететін негізгі әлеуметтік институт болып табылады.

 

Конференцияның негізгі міндеттері:

  • Отбасылық саясаттың жұмыспен қамтылуға, еңбек өнімділігіне және корпоративтік мәдениетке әсері туралы ақпараттылықты арттыру;
  • Отбасына достық саясаттарды енгізу және инвестициялардың қайтарымы мәселелері бойынша басқа елдердің үздік тәжірибелері мен зерттеулерін ұсыну;
  • Кәсіподақтар мен қауымдастықтардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл форматын талқылау;
  • Жұмыс орындарында отбасына қолайлы орта қалыптастыру жөнінде қоғамдық пікірталас бастау;
  • HR-саясат деңгейінде қызметкердің отбасылық мәртебесін және қолдау шараларын қамтитын «Цифрлық қызметкер картасын» әзірлеуді бастамалау;
  • Кадрлық стратегияларға отбасылық құндылықтарды біріктіру үлгісін ұсыну.

 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың (ЦГО, МИО) өкілдері, халықаралық серіктестер, жұмыс берушілер, HR-директорлар, кәсіподақтар мен қызметкерлер қауымдастықтары, зерттеушілер, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1077927?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version