Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы
2025 жылғы 9 қазанда Сәуле Тұрсынқызы Урашеваның төрағалық етуімен Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа мыналар қатысты:
• Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі,
• Қазембеков Нұркен Олжабекұлы – аудан әкімінің орынбасары,
• Мусин Данияр Болатұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы,
• Примак Вадим Михайлович – ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы,
• Қосамбеков Марат Әуесбекұлы – «Бородулиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері,
• Калугин Артем Владимирович – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты “РММ Бородулиха филиалының басшысы,
• Берік Нариман Ермекұлы – Абай облысы білім басқармасының Бородулиха ауданы білім беру бөлімінің бас маманы,
сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Отырыс барысында Бородулиха ауданының 2025 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Айдар Маратұлы Ибраев баяндама жасады, Қоғамдық кеңестің 2025 жылдың 9 айындағы қызметі туралы Қоғамдық кеңестің төрайымы Сәуле Тұрсынқызы Урашева баяндады. Онлайн форматта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Данияр Болатұлы Мусин сөз сөйледі.
Отырыс шеңберінде мынадай мәселелер тыңдалып, талқыланды:
• Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайы және абаттандыру туралы;
• 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді дайындау қорытындылары туралы;
• Ауданның автомобиль жолдарының жай-күйі және күтіп ұстау, сондай-ақ оларды қысқы кезеңге дайындау туралы;
• Жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылғы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары туралы;
• Халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1086833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version