Менингококкты инфекция – аурудың асимптоматикалық түрінен мұрын-жұтқыншақтың зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен жүретін іріңді менінгококкты сепсиске дейін ауа тамшылары арқылы берілетін жедел респираторлық бактериялық патогеннің клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Алдын алу шаралары:
– адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
– инфекцияны болдырмау үшін қолыңызды мұқият жуу өте маңызды, әсіресе тамақтанар алдында;
– денсаулығыңызды қадағалаңыз, ауа-райына сәйкес киініңіз, үнемі жаттығулар жасап, дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйеңізді сақтаңыз;
– бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалау керек.
Алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек! Өзін-өзі емдеуге болмайды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1086068?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау