Қазіргі жағдайда органикалық өнімді тұтыну әлемнің көптеген мемлекеттерінің азық-түлік нарығын дамыту үрдісі болып табылады. Қазақстанда бүгінгі таңда органикалық өнім өндірісі мен экспортын дамыту үшін жағдай жасау бойынша бастапқы қадамдар іске асырылуда. Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу 2015 жылғы 27 қарашадағы “Органикалық өнім өндіру туралы” ҚР Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығымен “Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын бекіту туралы” құжаттары шеңберінде көзделген. Органикалық өнімдер – бұл ауылшаруашылық өнімдері, аквамәдениет және балық шаруашылығы өнімдері, жабайы өсімдіктер өнімдері және оларды қайта өңдеу өнімдері, соның ішінде “Органикалық өнім өндірісі туралы” Заңының талаптарына сәйкес өндірілген тамақ өнімдері. Органикалық өнімдер химиялық өнеркәсіптің жетістіктерін пайдаланбай, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтерді қолданбай өндірілетін өнімдер болып саналады. Органикалық заттар өндірісінде шикізаттан бастап дүкен сөрелеріне жеткізілетін оралған өнімге дейінгі бүкіл процес бақыланады. Органикалық өнім оны нарыққа шығарар алдында сертификаттау нысанында сәйкестікті растау бағасынан өтуі тиіс. Мұндай өнімдерге органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі қолданылады және “био”, “эко”, “органикалық” белгілері қолданылады. Тұтынушы сатушыдан сәйкестік сертификатын талап етуге құқылы. Сондай-ақ, таңбалау мен өнім құрамына назар аударған жөн. Органикалық өнімнің таңбалауында өнім құрайтын шикізаттық ауыл шаруашылығы материалдары өндірілген жер туралы қосымша мәліметтер және органикалық өнім өндірушіге инспекция жүргізген ұйымның атауы болуға тиіс. Сертификатталған органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісіне назар аударыңыз. Құрамында синтетикалық заттар, пестицидтер, гормондар, антибиотиктер және тағамдық қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер және т.б. болмауы тиіс, рұқсат етілген қоспаларды, минералдарды, хош иістендіргіштерді, витаминдерді және табиғи көздерден алынған басқа да тағамдық микроэлементтерді пайдалануға жол беріледі. Органикалық өнімдерді тұтыну тұтынушының денсаулығына оң әсер етеді, құрамында пайдалы және қоректік заттар бар, дәрумендерге, минералдарға, антиоксиданттарға және басқа биологиялық белсенді заттарға бай, құрамында зиянды заттар жоқ (пестицидтердің, ауыр металдардың, гормондардың, ветеринарлық препараттардың, микотоксиндердің қалдықтары) негізінен төмен нитраттармен сипатталады. Органикалық өнімдерді сатып алу немесе алмау әркімнің өз таңдауы! Бірақ сатып алудан бұрын сөреде пайдалы өнім немесе қарапайым өнім екенін тексеру керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1086987?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау