Профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 қазан 2025 жылы әлеуметтік желілерде светофор жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшының биіктікте жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген сәті таралды.

         Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы И.А. Аубакиров «Чемпион» ЖК басшысымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Жұмыс берушіге:

         еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау;

         жеке қорғаныс құралдарынсыз қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

         қауіпті жұмыстар кезінде бақылауды күшейту қажеттілігі ескертілді.

         Анықталған бұзушылықтарды жою департаменттің ерекше бақылауында.

         Еңбек қауіпсіздігі – әр қызметкердің өмірі мен денсаулығының кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1087163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version