ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҮЛГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қазан айының басында аталып өткен Қарттар күніне орай және ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ауданның ардагер ақсақалдары мен аналары Түркістан қаласында өткен журналист, ақын, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібайдың 50 жылдық шығармашылық кешіне қатысып, рухани әсерге бөленді.
Кештен соң ата-апаларымызға арнайы дастархан жайылып, ақ тілектер айтылды.
Іс-шара аясында қарттарымыз Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Құран бағыштады. Сонымен қатар, ардагерлерді Түркістандағы жаңадан ашылған “Ескек есу каналы” мен су айдынына апарып, өңірдің жаңа тынысымен таныстырды.
Ардақты ата-апаларымыздың жүзінен ризашылық пен қуаныш сезімі байқалды.
Олардың батасы мен ақ тілегі – біздің ең үлкен марапатымыз.
Қарттарымыз аман, көңілдері шат болсын!
Оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық береке тілейміз. 
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1087184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version