ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Сауран аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының мүшелері, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері қатысты.
Мереке тарихи қойылыммен басталып, аудан басшысы ардагерлерге жүрекжарды лебізін білдірді.
– «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол болар» деген халық даналығы бар. Ардагерлеріміз – еліміздің алтын қоры. Бүгінде ауданымыздағы ауқымды жұмыстардың жүзеге асуына сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз негіз болып отыр. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Мақсат Таңғатаров.
Шара барысында ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосқан бірқатар қарияларға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табыс етілді. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ардагерлерге ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде аудан ақсақалдар сөз алып, жастарды елдікке, бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, шараға сән берді. Қонақтарға ақ дастархан жайылып, қарттарға айрықша құрмет көрсетілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1085741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version