«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеруге жол бермеу мәселелері, сондай-ақ ТСОБТ (тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі) және ӘІБТ (әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі) жүйелерінің жаңартылған функционалы жөнінде кеңес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын арттыру, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және мемлекеттік қадағалау саласында цифрлық құралдарды дамыту болды.
Талқылауға Білім сапасы қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаменті бөлімінің прокуроры Мұқатаев Тлеген Төлегенұлы сөз сөйлеп, жүйелердегі өзгерістер, өзара іс-қимылдың ерекшеліктері және құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа құралдар туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Қатысушылар ТСОБТ және ӘІБТ жүйелерінің жаңартылған функционалын пайдалану бойынша практикалық түсініктемелер алып, тексеру жүргізу барысындағы өзекті мәселелерді талқылады және цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Кеңес пен семинар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жолындағы маңызды қадам болып, құқықтық тәртіпті нығайтуға, ашықтық пен білім беру сапасын қамтамасыз ететін органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1087231?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау