ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: «ҚАЛА ҚЫСҚА ТОЛЫҚ ДАЙЫН БОЛУЫ ТИІС»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы маусымға дайындық барысын бақылап, қаланың бірқатар әлеуметтік және инженерлік нысандарын аралады.
Қала басшысы «Орталық қазандық», №1 және №2 қазандықтардың жұмыс барысымен, сондай-ақ қалалық балалар ауруханасы мен А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің жылу жүйелерінің дайындығымен танысты.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша 18 жылу қазандығы жұмыс істейді. Оның 12-сі жыл бойы үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ететін орталық жүйеге қосылған.
Сонымен қатар І–ІІ мөлтек аудандарында 75 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, қысқы маусымға толық дайын. Ал бюджеттік ұйымдар арасында барлығы 97 әлеуметтік нысанның дайындығы бекітілген.
Түркістан қаласы табиғи газбен толық қамтылған. Қазіргі таңда 45 614 абонент жүйеге қосылған. Оның ішінде 77 мектеп, 141 балабақша үздіксіз газбен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері 31 мыңнан астам абонент тексеріліп, 8 458 жағдайда кемшіліктер анықталып, тиісті ескертпелер берілген. Сонымен қатар 120 тұрғын үйге газосигнализатор орнатылып, қауіпсіздік деңгейі арттырылды.
Қала әкімі барлық қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың қысқа толық дайын болуын, резервтік қуат көздерін бақылауда ұстауды және тұрғындарға жылуды үздіксіз жеткізуді тапсырды.
— «Қысқы маусымға дайындық – тек коммуналдық сала емес, қала өмірінің тұрақтылығы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды міндет. Әр үй жылы, әр мекеме қауіпсіз болуы тиіс», — деді Әзімбек Пазылбекұлы.
Қала әкімдігі тарапынан барлық нысандардың дайындығы тұрақты бақылауда. Тиісті бөлімдер апта сайын есеп беріп, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюды жалғастыруда. Түркістан қаласы алдағы қыс маусымын тұрақты әрі қауіпсіз өткізуге толық дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1087275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version