Арыс қаласында мемлекеттік қызмет алушылар күні іс-шарасы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
​Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Арыс қаласында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты-тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату.
Аталған іс шараға Арыс қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты. Іс-шара аясында тұрғындар «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін рәсімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға байланысты қызметтер және тағы басқа мәселелер» бойынша өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы брошюралар тарқатылды.
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1087506?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version