Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл аспектілері» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – діни экстремистік идеяларға қарсы жұмыстардың сапасын арттыру және алдын алу іс-шараларын тиімді ұйымдастыру. Кездесуге аудандық басшылық құрам, мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдері мен сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында «SAPSAN» стратегиялық орталығының» директоры, теолог, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жандаулет Сүлейменов тақырыпқа сай баяндама жасап, діни экстремизмнің қазіргі өзекті тенденциялары мен оның алдын алу тетіктері бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.
Іс-шара соңында аудандық деңгейде қауіпсіздік пен діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланып, ортақ ұсынымдар қабылданды.
Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1087649?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау