2025 жылғы 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасы бастау алған болатын.
Осыған орай Талдықорған қаласы бойынша 110 адам «Ұлттық диктант» жазуға қатысты. Олардың қатарында: департамент, басқарма қызметшілері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.
Қазіргі таңда облыстың барлық аудан және қала мекемелерінде «Ұлттық диктант» жазу жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1088049?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау