Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің басшысы Абай Битаевпен бірге мекеменің сотталушыларымен кездесті.
Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаптауларға және адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынасқа қарсы күрес, БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясы және азаптаулардың алдын алу бойынша ұлттық алдын алу тетігі және институты туралы айтып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1088247?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау