Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке қабылдау өткізді
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтармен кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының медицина саласына қатысты өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар оңалту (реабилитациялық) емдеу мекемелеріне жатқызу барысында туындаған қиындықтар бойынша шағымдарын жеткізді. Сондай-ақ, 5-қалалық емхана мен қалалық аурухана қызметіне қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлер мен арыз-шағымдар айтылды. Олардың қатарында дәрігерлердің қызмет сапасы, жолдама (направление) беру тәртібі, мемлекеттік квота алу үдерісі секілді түйткілдер бар.
Сонымен қатар кейбір медицина мекемелерінде кадрлар арасындағы өзара түсініспеушілік, ішкі этика мен ұжымдық мәдениетке байланысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Басқарма басшысы бұл бағытта тиісті шаралар қабылданатынын айтып, қызметкерлер арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайту қажеттігін ерекше атап өтті.
Қабылдау барысында әрбір тұрғынның өтініші мұқият қаралып, нақты жауаптар берілді. Көптеген сұрақтар бойынша тиісті медициналық мекемелерге тапсырмалар жүктеліп, кейбір жағдайлар жедел түрде бақылауға алынды.
Бұл — тұрғындармен тікелей әрі ашық байланыс орнатудың нақты көрінісі. Мұндай қабылдаулар халықтың медицина саласына деген сенімін арттырып қана қоймай, саладағы шынайы проблемаларды дер кезінде анықтап, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1088955?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау