Өзбекстан астанасы Ташкентте көгалдағы хоккейден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтіп, еліміздің қос командасы жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан ерлер құрамасы финалда алаң иесі Өзбекстанмен ойнап, тартысты матчта 5-4 есебімен басым түсті.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсылас қақпасына жауапсыз 12 гол салды.
Айта кетейік, биыл ерлер мен әйелдер арасында 5 құрамадан сынға түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1089032?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау