2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді.
Аталған халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараға дайындық шеңберінде 2025 жылғы 10–23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында ұлттық құраманың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда. Жиынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 17 спортшысы тартылған.
Оқу-жаттығу жиынының ұйымдастырушысы – Sadaq Aty Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы, Іс-шараның бас серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1089035?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау