Талдықорғанда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған «Сенім. Тәртіп. Бірлік» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Талдықорған қаласында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Сенім. Тәртіп. Бірлік» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Акция полиция қызметкерлерімен бірлесе, жол бойында азаматтарды қабылдау форматында өтті. Шара барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық қорғау органдары мен халық арасындағы өзара сенімді нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.

      Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы саласындағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешуге ықпал ету, сондай-ақ қоғамда тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.           Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдап, пікір алмасты.

      Акция барысында Талдықорған қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы, полиция капитаны Дархан Қайратұлы Ушкемпиров тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша «мұндай шаралар халық пен полиция арасындағы сенімді нығайтып, қоғамда тәртіп пен өзара құрметті арттыруға ықпал етеді. Әрбір азамат заңды білуі және оны сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс», – деді полиция капитаны Дархан Ушкемпиров.

      Акция барысында кеңес алған қала тұрғындарының айтуынша, мұндай шаралар қоғам үшін өте пайдалы. Күнделікті өмірде жол ережелерін сақтау мен құқықтық нормаларды білу – әр азаматтың қауіпсіздігі үшін маңызды. Сондай-ақ, полиция өкілдерімен ашық сөйлесіп, өзекті сұрақтарға нақты жауап алу мүмкіндігі тұрғындар үшін тиімді болды.

      «Сенім. Тәртіп. Бірлік» акциясы – қоғамда құқықтық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы берік тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай іс-шаралар өз кезегінде қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенім көпірін орнатуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1089060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version