Құрметті құтқарушылар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – ерлік пен батылдықтың, жоғары жауапкершілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – нағыз жанқиярлық пен кәсібилікті талап ететін қасиетті міндет.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» дейді халқымыз. Сіздердің әрбір іс-қимылдарыңыз осы ұлы сөздің мәнін айқын көрсетеді. Қиындыққа мойымай, қауіпті сәттерде ел мүддесі үшін алдыңғы шепте болу – нағыз батырлықтың белгісі.
Жетісу өңірінің тұрғындары сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Қай уақытта болмасын, сіздерге сенім артып, тірек тұтады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, халық сенімін ақтау – сіздердің ең басты абыройларыңыз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және еңбектеріңізге лайық құрмет тілеймін! Жүректеріңізде елге, адам өміріне деген сүйіспеншілік оты сөнбесін!
Құрметпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1089670?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау