«FIN IQ»: Павлодар облысы бойынша ЭТТД-нің офицерлері Ертіс ауданының тұрғындарына арнап ағартушылық іс-шара өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы аясында Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицерлері Ертіс ауданының тұрғындары үшін «FIN IQ» ағартушылық іс-шарасын өткізді.

Жұмыс кездесуіне Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Байшот Қабытайұлы Шыңғысов қатысты, ол ауыл халқының құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыру үшін осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Қатысушыларға қаржы пирамидаларының белгілері, лудомания мен құмар ойындардың зияны, сондай-ақ заңсыз сауда мен вейптердің таралу қауіптері көрсетілді.

Дәрістік бөлімнен кейін ауыл тұрғындары «FIN IQ» онлайн тестілеуінен өтіп, оның қорытындысы бойынша сертификаттар мен дипломдарға ие болды.

Облыстың шалғай аудандарында осындай іс-шараларды өткізу тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықты нығайтуға және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1089245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version