Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Табиғаттың тосын жағдайына қарсы тұратын салада еңбек ететін құтқару қызметкерлері күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алып және оларды жоюды қамтамасыз етіп келеді.

Мемлекетімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйе қалыптасқан. Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Еліміздің әрбір тұрғыны табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын кәсіби, жедел және жауапты құтқару қызметкерлерінің еңбектерін жоғары бағалайды және мақтаныш етеді.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына және Құтқарушы күні кәсіби мерекелеріне орай ағымдағы жылы 17 қазан күні аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Шараға Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру және құтқару қызметінің ардагерлері мен қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен бірқатар мекемелер қатысты.

Мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін бірқатар құтқару саласының қызметкерлерін Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады. Шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1089818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version