Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары, жергілікті органдар өкілдері мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.
Акция барысында келесі жұмыстар атқарылды:
• көшелерде, жол жиектерінде және қоғамдық орындарда қоқыс жинау;
• ағаштарды әктеу және қоршауларды сырлау;
• мемлекеттік мекемелердің аумағын тазалау және абаттандыру;
• көгалдандыру және сәндік өсімдіктер отырғызу.
Қоршаған ортаның тазалығы мен ауылдың көркеюіне үлес қосқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
Бірге атқарған істеріміз — ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне қосқан ортақ үлес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1089195?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау