Іс-шара барысында тарихи-мәдени мұра нысандары орналасқан екі маңызды аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «1932–1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» мемориалдық кешені аумағы (Республика даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы);
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би ескерткіштерінің маңы (Ж. Омаров көшесі, 57).
Бұл сенбіліктің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді таза ұстау, абаттандыру жұмыстарына үлес қосу және өскелең ұрпаққа ел тарихы мен мәдени мұрасына деген құрметті насихаттау. Сонымен қатар, іс-шара арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру көзделді.
Дирекция ұжымы алдағы уақытта да осындай қоғамдық маңызы бар шараларға белсенді түрде қатысып, ел руханияты мен мәдениетіне өз үлесін қоса бермек.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1089420?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау