Жастар – болашақ. Құқықтар – бүгін.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар – болашақ. Құқықтар – бүгін.

Жастар – кез келген елдің тірегі, болашағы. Қоғамның дамуы, елдің өркендеуі – тікелей жастардың білімділігіне, белсенділігіне және азаматтық ұстанымына байланысты. Алайда жастардың болашағы жарқын болу үшін олардың бүгінгі құқықтары толық қорғалуы қажет.

Әрбір жас азаматтың білім алу, еңбек ету, медициналық көмек алу, еркін ой айту, қоғамдық өмірге араласу сияқты негізгі құқықтары бар. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Балалар құқықтары туралы» Конвенцияда және басқа да заңдарда көрсетілген.

Бірақ өмірде бұл құқықтардың сақталуы әрқашан бірдей бола бермейді. Кейбір жастар сапалы білімге, жұмысқа орналасуға немесе өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік ала алмайды. Сондықтан әр жас өз құқықтарын біліп қана қоймай, оларды қорғай білуі, қоғамда өз орнын табуы маңызды.

Бүгінгі күні жастарға жағдай жасау – ертеңгі мықты мемлекеттің кепілі. Жастардың құқықтары қорғалып, олар еркін әрі белсенді өмір сүрсе, еліміздің болашағы да жарқын болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1089254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version