Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жандосов көшесі, 78А мекенжайында орналасқан жазғы террасасы бар кулинария нысаны сот шешімімен заңсыз деп танылды. Бұл туралы Алматы қаласының Құрылыс бақылау басқармасы хабарлады.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Biens Immobiliers» ЖШС нысанды рұқсат беру құжаттарынсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2025 жылдың 25 ақпанында нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты нысанды бұзу туралы талап-арыз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.

2025 жылдың 29 мамырында сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нысанды мәжбүрлі түрде бұзу шарасы сот орындаушыларының қатысуымен кеше жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-ugask/press/news/details/1089844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version