2025 жылдың 21 қазан күні «Ауданның сайлау объектілерінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбында жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің аппарат басшысы, жұмыс тобының жетекшісі М. Елеусіз төрағалық етті.
Жиынға жұмыс тобының мүшелерімен қатар, аудандық мәдениет үйінің директоры Б.Бақытов, аудандық аурухана басшысының орынбасары М. Джалгаспаев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А. Шайхсламов және аудандық білім бөлімінің бас экономисі А.Қартанбаева қатысты. Отырыста сайлау учаскелеріндегі пандустардың ҚР Құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкестігі, тактильдік және бағыттаушы белгілердің болуы, санитарлық-гигиеналық бөлмелердің талаптарға сай жабдықталуы, сондай-ақ дауыс беру үй-жайларына кіріп-шығу жолдарының жай-күйі жан-жақты талқыланды.
Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1090506?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау