Бруцеллездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың жұқпалы ауруы, яғни бруцеллезбен адамдар да, жануарлар да ауырады. Адамдарға инфекция ауру жануарларды күтіп-ұстау, мал сою кезінде және де дұрыс өңдеуден өтпеген (пастерленбеген) сүт, сүт өнімдерін қолданғанда, шикі немесе шала пісірілген етті тұтыну кезінде жұғады.

 

Бруцеллез ауруының негізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары, яғни ұсақ және ірі қара мал. Бруцеллез қоздырғыштары (бруцеллалар) өте төзімді болып келеді: сыртқы ортада 45 күнге дейін, сүтте 18 күнге дейін, жаңа мұздатылған етте 45 күннен артық сақталады. Олар адамның зақымдалмаған терісі мен шырышты қабаттары арқылы да ене алады.

 

Адамның бруцеллез ауруының белгілері екі-үш аптадан кейін, кейде бір айдан кейін пайда болады. Көбінесе науқаста қалтырау (лихорадка), бас ауруы, әлсіздік қатты терлеу пайда болады. Бірнеше күн немесе аптадан кейін буындарда ауырсыну және ісіну байқалады.

 

Кейде барлық ауру белгілері тез өтеді, бірақ бірнеше уақыттан кейін ауру күшейюі байқалады. Инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам бруцеллезбен ұзақ уақыт ауыруы мүмкін, бұл аурудың созылмалы түрге айналуына, мүгедектікке немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздыққа әкеледі.

 

Бруцеллёздің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтау қажет: қайнатылмаған сүт пен термиялық өңдеуден өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау, белгіленбеген сауда орындарынан  сүт және ет өнімдерін алмау. Мал базарларынан мал сатып алғанда, олардың денсаулығын растайтын ветеринариялық анықтаманың бар екеніне көз жеткізу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1090451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version