Павлодар облысында 8 мыңға жуық тұрғын қоғамдық орында алкоголь ішу үшін жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс полициясына күн сайын шамамен 40 шақырту түседі. Хабарламалардың көбі: «пәтердің кіреберісінде мас адамдар ішімдік ішіп отыр», «үйде мас күйдегі жолдасы жанжал шығаруда», «орындықта мас адам жатыр» және тағы басқаларға қатысты.

Мысалы, полицияға Жеңіс алаңы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде белгісіз адамдардың алкоголь ішімдіктерін ішіп отырғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген автопатруль барлық мән-жайды анықтап, мас ер адамдарды полиция бөліміне жеткізді.

Осындай шақыртулар күн сайын тіркеледі. Сол күні полицияға әйел хабарласып, қатты мас болып, үйінде жанжал шығарған күйеуін сабырға шақыруға көмек сұраған. Ал Н.Назарбаев даңғылы бойындағы үй тұрғындары балалар алаңында алкоголь ішіп отырған ер адамдарға шағымданған. Бұл кезде алаңда балалар ойнап жүрген.

Әрбір құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орында алкоголь ішу және мас күйінде жүру фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Кейін бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген азаматтар айығып, өз әрекеттеріне өкінеді. Бейнежазбаны көріп, өздерінің сол кездегі қылықтарына таң қалады, туыстарынан кешірім сұрайды. Алайда олардың теріс қылығы отбасы мүшелерінің есінде ұзақ сақталып қалады, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1090488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version