- Көлікті тек арнайы аялдамада күтіңіз.
Жолдың бойында, қозғалыс кезінде немесе белгіленбеген жерде көлікке мінуге немесе түсуге болмайды.
- Көлік толық тоқтаған соң ғана мініңіз немесе түсіңіз.
Қозғалып тұрған көліктен түсу — жарақат алудың басты себебі.
- Заттарыңызды мұқият ұстаңыз.
Қалта ұрылары мен ұмыт қалдыру жағдайларын болдырмау үшін сөмкеңізді алдыңызда ұстаңыз.
- Көлік жүргізушісін алаңдатпаңыз!
Жүргізушімен артық сөйлесіп, және оған қолма-қол ақша беру оның назарын аударады және қауіп тудырады
- Балаларды қадағалаңыз.
Олар көлікте секіріп, есікке немесе терезеге тым жақын отырмауы тиіс. Балалардың көлік картасы болуы және оны планшетке басу міндетті!
- Тазалық пен тәртіпті сақтаңыз.
Көлікте тамақ-су ішпеңіз, қоқыс тастамаңыз, дауысыңызды көтермеңіз.
- Жолақыңызды уақытылы төлеңіз. Бұл – тәртіп пен жауапкершіліктің көрсеткіші.
Ал сіз жол ережелерін қаншалықты сақтайсыз?
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/1090163?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау