Құтқарушылар күні: елордада салтанатты жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында 19 қазан – Құтқарушылар күніне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Салтанатты жиында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар құтқарушыларға пәтер кілттерін табыстады. Департамент бастығы Марат Күлдіков қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсіби жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медаліне ие болды. ТЖМ-нің 30 жылдық тарихы – бұл мыңдаған құтқарылған өмір мен ел қауіпсіздігі жолындағы табанды еңбектің айғағы!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1090503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version