Жылыту маусымының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың қазан айында Жағатал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Қабылқанов және учаскелік полиция инспекторы У. Угиев округ аумағындағы аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты қарт азаматтардың тұрғын үй жайларын аралап, жылыту жүйелерінің жай-күйін және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді.

Тексеру барысында пешпен жылытылатын үйлердегі мұржалардың тазалығы, электр сымдарының жарамдылығы, тұрмыстық жылыту құралдарының қауіпсіз пайдаланылуы қатаң бақылауға алынды. Сондай-ақ, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен жылыту құралдарын дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өрттің алдын алу мақсатында әрбір тұрғынға жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету туралы нұсқаулық берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1090422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version