ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тұрғындармен кездесуі ауданның қазыналы орталығы — Ленгір қаласында өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдерге жүктеген міндеттеріне тоқталып, халықтың өзекті әлеуметтік мәселелеріне назар аударудың маңыздылығын атап өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары Сәкен Маженов, Нұргелді Құлышев, Мақсат Тұрымбетов, сондай-ақ ел ағалары мен қала тұрғындары қатысты.
Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар ауыз судың сапасы мен тапшылығы, электр энергиясы, кәріз жүйесін жөндеу, күл-қоқыс тазалығы және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов айтылған ұсыныстар мен өтініштердің барлығы назарға алынатынын айтып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Тұрғындармен тікелей байланыс орнату — ел мен билік арасындағы сенімді нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өткен жиын өзара түсіністік және ашық диалог рухында өтті.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1091296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version