#MaslikhatAlmaty делегациясы Хэфэй қаласына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13.10.2025 күні #MaslikhatAlmaty делегациясы Хэфэй қаласына барды

Гуанчжоу қаласындағы мазмұнды бағдарламадан кейін Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев бастаған делегация Аньхой провинциясының әкімшілік орталығы Хэфэй қаласына келді.

Аньхой провинциясы Қытайдың ең инновациялық өңірлерінің бірі болып саналады. Мұнда электр энергетикасы, машина жасау, оптоэлектроника және «ақылды» технологиялар саласындағы жетекші кәсіпорындар шоғырланған.

Алматылық делегацияны провинция Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Тан Лянчжидің басшылығымен Аньхой билігінің өкілдері жылы қабылдады.

Бұған дейін, осы жылдың шілде айында, Тан Лянчжи мырзаның жетекшілігіндегі делегация Алматыда болып, Мәслихатта депутаттармен кездесу өткізген еді. Сол кездесуде экономикалық ынтымақтастық, қалалық инфрақұрылымды дамыту және инновациялар саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Дәл сол уақытта Тан Лянчжи мырза алматылық әріптестерді жауап сапармен келуге шақырған болатын.

Тараптар өкілді органдар арасындағы тәжірибе алмасудың, сондай-ақ екі өңірдің кәсіпорындары мен жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Тан Лянчжи мырза Аньхой провинциясының Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, әсіресе жаңартылатын энергетика, аккумулятор жүйелерін өндіру, «ақылды» өндіріс және дәрілік өсімдіктер салаларына ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1091023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version