Аудандық мәслихат аппараты мен Жер қатынастары бөлімі бірігіп, ауданымыздағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында “Мейірбандық күндері” атты қайырымдылық айлығына қатысты. Бұл шара аясында азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек және басқа да қажеттіліктермен қолдау көрсетіп, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын создық. Қайырымдылық жасау — біз үшін ортақ жауапкершілік. Әрбір кішкентай қадамның үлкен әсері бар екенін ұмытпайық. Өзара көмектесу арқылы біз қоғамдағы мейірімділікті арттырып, бірлігімізді нығайта аламыз. Барлық қатысушыларға, қолдау көрсеткендерге алғысымыз шексіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat/press/news/details/1090785?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау