Қазақстан консулдығының жаңа басшысы Иранның Сыртқы істер министрлігінің Хормозгандағы өкілдігінің басшысымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы (Иран) жаңадан тағайындалған консулы Д.Дүйсебай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциясындағы өкілдігінің басшысы  Дж.Заманимен кездесті.

Кездесу барысында Д.Дүйсебай өзінің аталған Консулдық басшысы болып тағайындалғаны туралы ҚР СІМ құжатын Өкілдік басшылығына табыс етті. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының өңірлері арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту жолдарын талқылады. Сонымен бiрге Бандар-Аббас пен Ақтау қалалары арасындағы, сондай-ақ Хормозган провинциясы мен Маңғыстау облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды қол қоюға әзірлеу мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1090573?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version