Жамбыл облысы ТЖ Департаментінде марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25 қазан – Республика күні қарсаңында және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты жиында департамент бастығы, полковник Арман Тоқанов құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен жанқиярлық еңбегін, сондай-ақ өңірдің азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлестерін атап өтті. Іс-шара барысында азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерлері, ардагерлері мен аумақтық бөлімшелердің өкілдері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Ерекше көзге түскен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар облыс әкімі атынан естелік сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ рәсім барысында департаменттің жеке құрамы Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбековты жаңа қызметіне жылы лебізбен шығарып салды. Әріптестері оған азаматтық қорғау саласын дамытуға қосқан зор үлесі, кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегі үшін алғыс білдірді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1090948?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version