Жаңаөзен қаласындағы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектепте «Жас құтқарушы» жобасы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік негіздері бойынша білім мен дағдыларды арттыру және «Жас құтқарушы» бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
Меморандум шеңберінде:
- мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары мен жаттығу эвакуациялары өткізілетін болады;
- төтенше жағдайлар қызметімен бірлескен тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Іс-шараға Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі қатысты. Қатысушылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Маңғыстау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1091266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау