Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында:
«Кәсіпкерлікті дамыту – еліміздің экономикалық өркендеуінің басты тетігі. Бизнестің жолындағы кедергілерді азайтып, әкімшілік тосқауылдарды жою қажет», – деп атап өткен болатын.
Осы тапсырмаларды іске асыру мақсатында Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі кәсіпкерлермен жеке қабылдау өткізді.
Кездесуді Өңірлік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен Палата директоры Асылан Ибадуллаев жүргізді. Іс-шараға Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлер өз салаларындағы өзекті мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді:
Ордабасы ауданында – «Ауыл аманаты» бағдарламасына мал бордақылау бағытын енгізу;
Бәйдібек ауданында – кәсіп ашуға арналған қолдау тетіктерін барлық ауылдық округтерге кеңейту;
Созақ ауданында – кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін бөлу және құрылыс нормаларын жеңілдету мәселелері қаралды.
Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов мұндай кездесулердің басты мақсаты – кәсіпкерлердің нақты проблемаларын анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын бірлесе қарастыру екенін атап айтты.
Ал, Палата директоры Асылан Ибадуллаев барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын және олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау