ІІМ Ресейдегі трансұлттық интернет-алаяқтар желісін әшкереледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында трансұлттық қылмыстық топтарды халықаралық деңгейде анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді.

– 21 қазан күні іссапар барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының ІІМ Киберполиция басқармасымен бірлесіп, ұзақ мерзімді жедел шаралар нәтижесінде Ресейдің үш өңірінде интернет-алаяқтардың жолын кесті. Олар Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтарына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасау үшін sim-карталарды жеткізу және қосу арнасын ұйымдастырған.

Арнайы операция нәтижесінде күдіктілерден 11 sim-box құрылғысы, 3 ноутбук, 31 ұялы телефон, сондай-ақ 19 мыңнан астам қазақстандық және еуропалық sim-карталар тәркіленді. Тәркіленген ноутбуктерде 2023 жылдың басынан бастап іске қосылған түрлі байланыс операторларының абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер сақталған “лог-файлдар” табылды.

Бұл нөмірлер алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланылған. Заңсыз әрекеттері үшін Ресей Федерациясының төрт азаматы ұсталды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Бірлескен әрекеттер sim-карталарды жеткізу арнасын және трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатуға, азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудың алдын алуға, сондай-ақ халықаралық киберқылмысқа елеулі соққы беруге мүмкіндік берді, – деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1091514?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version