Қарақия ауданында төтенше жағдайлар бөліміне апаратын жаңа жол пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы әкімдігінің қолдауымен демеушілік есеппен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және № 7 өрт сөндіру ғимаратына кіре беріс пен автотұраққа апаратын жаңа автомобиль жолы салынып, пайдалануға берілді.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.

Айта кетейік, жол төсеу жұмыстары белгіленген мерзімде, сапа талаптарына сай орындалып, қазіргі таңда толықтай аяқталды.

Бұған дейін ғимаратқа кіретін жолдың болмауы, әсіресе жауын-шашын кездерінде қызмет көрсетуге кедергі келтіріп келген болатын. Мәселелерінәң оң шешімі табылғанына қызметшілер ризашылықтарын білдіруде.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1091827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version