Қостанайда екі жаңа демалыс орны ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Республика күні қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен екі жаңа қоғамдық кеңістік ашылды — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы саябақ және Темірбаев көшесіндегі сквер.

Екі нысан да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында салынды. Университет аумағындағы саябақта спорт және демалыс аймақтары, балалар алаңдары, веложол, амфитеатр және көгалдандырылған серуен жолдары бар.

Темірбаев көшесіндегі скверде жарық шамдары, орындықтар мен автотұрақтар орнатылып, ағаштар мен гүлдер егілді.

Жаңа орындар қала тұрғындарына жайлы демалыс пен серуендеуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1092126?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version