📌Абай облысында «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» ата-аналар мен педагогтерге арналған сессиясы басталды. Бұл жоба – баланың психоэмоционалдық әл-ауқатын қолдауға, түсіністік пен сенімге негізделген орта қалыптастыруға бағытталған.
Сессияның басты мақсаты – ата-ана, педагог және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын нығайту үшін біртұтас профилактикалық әрі ағартушылық кеңістік құру. Бұл – Абай облысында алғаш рет өткізіліп отырған тың формат.
💬Сессия барысында балабақша тәрбиеленушілерінің, 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сондай-ақ колледждің 1-курс студенттерінің ата-аналары қамтылады. Іс-шаралар ашық диалог, интерактивті әңгіме және тәжірибе алмасу форматында өтеді.
➡️Алғашқы кездесулер Жарма ауданында өтті. Онда балалардың мектеп өміріне бейімделуі, оқуға деген оң көзқарасы мен ынтасын қалыптастыру, отбасы мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды. Педагогтер мен психологтар ата-аналарға тәжірибелік кеңестер беріп, баланың алғашқы мектеп қадамын жеңілдетуге көмектесетін пайдалы нұсқаулықтар ұсынды.
✅Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының бастамасымен ұйымдастырылған сессия отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтып, балалардың табысты оқуына және үйлесімді дамуына жағдай жасайды. Ата-аналар жиналыстары алдағы күндері облыстың барлық аудан, қала мектебінде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1092607?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау