Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта Республика күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта (АҚҰО) Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Орталық ұжымын мерекемен құттықтаған басшы Динара Таженова 25 қазанның еліміздің тарихындағы аса маңызды күн екенін атап өтті. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, тәуелсіз еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі қаланғанын айтты.

Динара Таженова қызметкерлерге табыс және кәсіби жолда жаңа жетістіктер тіледі.

Іс-шара барысында салтанатты түрде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Берік Жақаевқа «Үздік мемлекет ардагері» төсбелгісі табысталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1092978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version