Кешке 100-ге жуық зейнеткер мен Орталықтың мәдени ұйымдастырушылары, сондай-ақ Шәмші шығармашылығын сүйетін көрермендер жиналды. Қойылым барысында театр клубының 15 мүшесі композитордың жан жүректі тербеткен әндерін жанды дауыста орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Театр әлемі» клубына Халима Жүнісқызы жетекшілік етеді. Бұл жолы олар тек ән орындап қана қоймай, Шәмші әндерінің өмірлік тарихына негізделген сахналық көріністер арқылы көрерменді өткенге саяхаттатты.
Кештің құрметті қонағы – композитордың қарындасы Райхан Қалдаяқова болды. Шымкенттен арнайы келген апамыз ағасы туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, қойылымды тамашалап, залға ерекше әсер сыйлады.
Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Жолаушыұлы Райхан Қалдаяқоваға шынайы алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1092235?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау