Сіздерді рухани әлемнің шырақшылары – кітапханашылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітапхана — халқымыздың мәңгілік мұрасы мен мәдениетінің алтын қазынасы, ал сіздер сол қазынаны ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізуші, білім мен парасаттың жарқын жолын нұрландырып жүрген абзал жандарсыздар.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – қоғам дамуының, жас ұрпақтың рухани кемелденуінің қайнар көзі. Күнделікті еңбектеріңіз арқылы адам мен кітаптың арасындағы киелі байланысты жалғап, сананың сәулесін, жүректің жылуын таратасыздар.
Бұл мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт және оқырман қауымның ыстық ықыласын тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз нұрлы болсын!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау