Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларациясының 35 жылдығы қарсаңында қаламыздың мектептерінде «Жас Ұлан» және «Жас қыран» қатарына қосылу рәсімдері өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Антты салтанатты түрде қабылдағаннан кейін балаларға көк галстук тағылды. Қабылданғандардың жалпы саны 429 адамды құрайды, оның ішінде «Жас қыран» қатарына – 353 адам, «Жас Ұлан» қатарына – 76 адам қосылды.
Іс-шараларда мерекелік атмосфера орнады, балалар мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1093067?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау