Шерхан Мұртазаның құнды мұрасы Ұлттық архивке табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық архивінің алтын қоры қазақ әдебиетінің алыбы, жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жеке мұрасымен толықты. Осыған орай «Шерхан Мұртаза мұрасы: «Егемен Қазақстаннан» – Ұлттық архивке» атты іс-шара өтті.

Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Архив қорына жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты 6000-нан астам парақтан тұратын мұра ресми түрде табыс етілді. Оның ішінде «Қызыл жебе» романының түпнұсқа қолжазбасы, Тұрар Рысқұлов туралы зерттеу материалдары, «Бесеудің хаты» драмасы, сондай-ақ бұрын жарияланбаған сирек фотосуреттер, жеке хаттар, жазба дәптерлер мен тарихи-мәдени маңызы жоғары құжаттар бар.

Іс-шара соңында екі жақты келісімшартқа қол қойылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version